Даланың дана диқаны

    №3 кітапхана Ел тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Парасат жолы» жобасы аясында даңқты күрішші, екі мәрте Еңбек Ері Ы.Жақаевтің 130 жасқа толуына «Даланың дана диқаны» атты онлайн әдеби дайджесті оқырман назарына ұсынды.
Шараның мақсаты: Жас ұрпаққа ақ күріштің атасы Ы.Жақаевтың парасатты еңбек жолынан мағлұмат бере отырып, ұрпақ санасына, туған халқына деген құрмет, сүйіспеншілік, мақтаныш сезімін ұялату, ұлттық рухты сіңіру, еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу.
    Шара барысында Ыбырай атамыздың жастайынан әкесінің соңына еріп, диқаншылықтың қыр - сырына қанығып өскені, Қазан төңкерісі жеңгеннен кейін қазақ ауылын советтендіру, ауыл шаруашылығын коллективтендіру ісіне белсене қатынасып, 1929 жылы «Қызылту» колхозына мүше болып кіріп, диқаншылықты кәсіп еткені, өзінің бойындағы ерен күші мен еңбексүйгіштігінің арқасында күріш дақылынан мол өнім алудың алғашқы үлгісін көрсетіп, 1947 жылы дүниежүзілік рекорд жасағаны,сондай - ақ атамыз ұзақ жылдар бойы күріштен өнімді мол ала отырып, оны егу, күтудің агротехникасын жетілдіруге үлес қосып, кейінгі жастарға ақылшы – ұстаз бола білгені, тағы да басқа жастарға пайдалы мағлұматтар берілді.

23 маусым 2021 ж. 492

Жаңа түсімдер

Мемлекеттік сатып алу

Бейнебаян

  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам