Сырласу
№9 Ақжарма ауылдық кітапхана Тәуелсіздігіміздің 30жылдығына орай «Парасат жолы» аясында оқырмандардың бос уақыттарын мәнді өткізуге, рухани дем алуға ықпал ету, қызығушылығы мен мүдделері бір арнада тоғысқан әр жастағы адамдармен бас қосу мақсатында «Сырласу» қыз- келіншектер клубы ұйымдастырылып, алғашқы отырысы өткізілді. Бүгінгі кітапханалар- заманауи көп сапалы ақпараттық-зияткерлік «Коворкинг» орталықтары.Түрлі ақпарат алумен бірге өз ара қарым-қатынас жасайтын тамаша орта деуге болады.. Отырыс барысында клубтың мақсаты мен міндеттері, эмблемасы , «Жақсы сөз, ұлттық дәстүр-жан азығы» деп клубтың ұраны, алдағы шаралар белгіленіп, клуб мүшелері өз ой- пікірлерімен бөлісті.







