Кел, кітап оқиық
№6 қалалық Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына орай «Парасат жолы» аясында Балалардың кітап оқуын қолдау мақсатында №235 мектеп жанындағы лагерь балаларымен «Кел, кітап оқиық» атты кітаптар мерекесін ұйымдастырды. Оқырмандар назарына қызықты оқиғаларға толы әдебиеттер, ертегілер, ашылмалы және сөйлейтін кітаптар ұсынылды. Балалар ең алдымен қағаздың, кітаптың шығу тарихымен және кітапты қалай сақтау керегі туралы ережемен танысты. Ой- өрісін кеңейтетін, тапқырлығын ұштайтын сөзжұмбақтар, мақал- мәтелдер, викториналық сұрақтар қойылды. Ертегілер еліне саяхат жасап, басты кейіпкерлерді табуда да ыждағаттықпен ұтымды жауаптарын берді.
Адамзат алдында тұрған ұлы мұрат- міндеттердің ең бастысы салауатты, саналы ұрпақ тәрбиелеу. Бүгінгі бала елдің ертеңгі болашағы, ұлттың жалғасы. «Артық білім кітапта, ерінбе оқып көруге» - деп Абай айтқандай, адам баласы үшін кітап- тілсіз тәрбиеші. Кітап- атадан қалған асыл мұра, көненің көзі, ескінің сөзі.







