Бабалар сөзі

   А.С.Пушкин атындағы орталық кітапхана Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына орай Парасат жолы» жобасы аясында «Бабалар сөзі» топтамасынан Бөлтірік шешеннің өмірі мен ақындық, шешендік сөздері жайлы онлайн әдеби шолуды желі пайдаланушылары назарына   ұсынады. 
    Шараның мақсаты  қазақ тарихындағы көрнекті би-шешен, батыр Бөлтірік Әлменұлының сөз өнері шығармашылығы мен қайраткерлігі тұтасқан қызметінің өнегесінің өскелең ұрпаққа таныстыру, насихаттау.
    Бөлтірік Әлменұлы сөздерінің барлығында да тәрбиелік мән бар. Адамгершілік қасиеттерді бағалау тұрғысында саналуан оқиғалар (жер дауы, жесір дауы, ұрлық, барымта, т.б.), ағайынның, дос-жолдастардың қарым-қатынастары, т.б. мәселелерге байланысты туындаған сөздері халықтың жадында жатталған. Бала кезінен-ақ ақындық, шешендік сөз өнеріне және батырлыққа бейім болған, есейген шағында ел арасындағы жер, су, еңбек, құн және жесір дауларына талай әділ төрелік айтқан. Ел арасындағы тапқыр, ұтқыр сөздерді, тақпақ, терме, аңыз әңгімелерді жаттап, оны жастар арасында айтып, қызық думан құрған. Ел арасында "Бөлтірік айтыпты" деген шешендік сөздер көп. Бөлтіріктің "Аппақ сақал қараңғы түнде айдай көрінеді", "Ұры қары деген атақ алыпты", "Төре баласы мен түйе ботасы", "Хан баласына бата", "Қырғыз-қазақтың байлық айтысқаны", "Құдайдың өзі оңғарар", "Даудың түбін қыз бекітеді"секілді сөздері аз сөзбен көп мағына берудің үлгісі болып табылады. Әдеби шолу қазақ өркениетінің осындай гуманистік тағылымы мол  Бөлтірік ақынның шешендік сөздерін жан – жақты насихаттап,  адамгершілік ұлағатымен өскелең ұрпақты кітап оқып, рухани бай болуға шақырды.

23 маусым 2021 ж. 640

Жаңа түсімдер

Мемлекеттік сатып алу

Бейнебаян

  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам