Бір шөкім бұлт
Қазақ әдебиетінде аты алтын әріптермен жазылып кеткен біртуар дарын иесі – Әбіш Кекілбаевтың 80 жылдық мерейтойы аясында №1 кітапханада жазушының «Бір шөкім бұлт» атты повесі №11 мектеп – лицейінің 10 сынып арасында талданды. Қаламгердің өмірі мен шығармашылығы оқырмандарға таныстырып, повестің желісі бойынша сұрақтар таратылды.
Кітапханашы Бәйімбетова Шолпан повестің басты кейіпкері үш бірдей перзентінен айрылған Аққаймақ ананың мұңды өмірі, белсенді оқырмандар ауылдың тыныс-тіршілігі, сұм соғыстың зобалаңы, әйелдің қайсарлығы, ананың жүрегі, мейірімділігі тақырыптарында ойларын білдірді. Кітап талдауды мектептің «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәнінің мұғалімі Г.Жайықбаева повестің тарихы мен тағылымына, шығармадағы образдарға жеке-жеке тоқтала келіп, оқушыларды осындай тарихтан сыр шертетін әдеби кітаптарды оқуға шақырды.