Өшпейді мәңгі өнегең
Тәуелсіздіктің 30- жылдығына орай, «Парасат жобасы» аясында, қоғамда өзіндік орны бар, артында ауыз толтырып айтатын өмірі қалған, парасатты қоғам қайраткерлерінің еңбек жолын насихаттау бүгінгі ұрпақтың еншісінде. Сондай бір өзіндік орны бар, еңбек қазанында қайнап піскен Қоғам қайраткері Жұмабек Тәжімұлының парасатты өміріне арналған «Өшпейді мәңгі өнегең» атты Ғұмырнамалық баян кітабының тұсау кесері болып өтті. Шараны Қалалық кітапханалар жүйесіне қарасты С.Майқанова мен №1 кітапхана ұйымдастырды. Кітаптың авторы Қазақстан Республикасының білім беру ісінің үздігі Айымхан Әбуова. Бұл кітаптың басты кейіпкері Cырдария ауданына қарасты «1 - Май» атындағы ұжымшарда кассирліктен бастап, осы кеңшардың бас экономисі, жұмысшылар комитетінің төрағасы, Сырдария аудандық партия комитеті ауылшаруашылық бөлімінің меңгерушілігіне, аудандық Кеңес төрағасының орынбасарлығынан аудандық жоспарлау комитетінің төрағасы болған,осы салаларда білікті басшылық жасаған, өмірінің соңына дейін, Тасбөгет кенті әкімі жанынан құрылған ардагерлер ұйымының төрағасы болған , ардагер ағамыз Жұмабек Тәжімовке арналады. Кітаптың негізгі екі бөлімін Тасбөгет кентінің құрметті азаматы, Республикалық дәрежедегі зейнеткер Жұмабек Тәжімұлы жазып аяқтай алмай, зайыбы үшінші бөлімін толықтырып баспаға берген.
Кітаптың тұсау кесеріне «Өмірін еңбекпен өрнектеген» тақырыбындағы екі бөлімді кітап көрмесі жасалып келген оқырмандарға таныстырылды. Шараны Тасбөгет кент әкімі С.З.Сыздықов ашып, №1 кітапхананың белсенді оқырмандары Қонысжан Замира мен Сармырзаев Ержігіт Махмудбай Әміреұлы мен Мұхамеджан Нұрхановтың арнау өлеңдерін жатқа оқып, С.Майқанова атындағы мәдениет үйінің қызметкерлері Таңатаров Асқат пен Өтепов Сәкен, Тідеуберген Димаш әннен шашу шашты.







