Жүрегімнің жолдамасы
№18 кітапхана Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай, «Парасат жолы» жобасы аясында Социалистік Еңбек Ері, механизатор Жадыра Таспамбетоваға арналған "Жүрегімнің жолдамасы" атты тақырыптық кешті онлайн өткізді. Жадыра Таспамбетова "Қазақтың Мересьеві" атанған қайсар қыз, атақты механизатор, Социалистік Еңбек Ері, қазақ жастарының рухани символы. Кеш қонақтары Ж.Таспамбетованың жолдасы- Қалтай Кейқуатов, жазушы Мұрат Күлімбетов еңбек ерінің парасатты еңбек жолынан естеліктер, әнші Әлмырза Ноғайбаев және жас ақын Жантас Қасымов арнау өлеңдерін айтты.







