Астана -алты Алаштың рухани темірқазығы
Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай «Парасат жолы» аясында Облыстық ішкі саясат басқармасының «Рухани жаңғыру» орталығы КММ мен А.С.Пушкин атындағы орталық кітапхана ұжымының ұйымдастыруымен 6 шілде Астана күніне арналған «Астана -алты Алаштың рухани темірқазығы» атты оқырмандар сағаты өткізілді. Жиынға облысқа белгілі зиялы қауым өкілдері, сәулетшілер, тарихшылар қатысты.
Іс-шараның модераторы облыстық ішкі саясат басқармасының «Рухани жаңғыру» орталығы коммуналдық мемлекеттік мекемесі директорының орынбасары Сахиев Сәулет Ерназарұлы Астана- егемендігіміздің келбеті мен айғағы екендігі тұрғысында келелі әңгіме айтты..
Шара барысында философия ғылымдарының докторы, Қорқыт Ата атындаңы Қызылорда университетінің философия және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының профессоры Қожамберлиев Баймырза Қожамберліұлы Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың үш тараудан тұратын «Еуразия жүрегінде» атты кітабы жайлы, сәні мен сәулеті келіскен Астананың айшықты келбетін сөзге тиек етті. Сондай-ақ «Сәулет» қала құрылысын дамыту және маниторинг бөлімінің басшысы Алмат Берікұлы Елбасының қажырлы күш-жігерінің арқасында қанатын кеңге жайып бара жатқан Елорданың кешегі мен бүгінгі асқақтаған сәулеті тұрғысында Шүкір Шахайдың - «Астана жан жүрегім» және «Архитектура Астаны» атты кітаптарының ерекшеліктеріне тоқталып өтті.
Облысқа белгілі тарих ғылымдарының докторы, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің Тарих және Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасының профессоры Сәтбай Тастанбек Яхияұлы, «Рухани жаңғыру» орталығы коммуналдық мемлекеттік мекемесі директорының орынбасары Сахиев Сәулет Ерназарұлы сөз сөйлеп, Астана Қазақстанның ғана емес, бүкіл Еуразиялық кеңістіктің саяси-экономикалық және мәдени өмірінің ошағына айналғандығын мақтанышпен айтты.