Кітап ақылшы досың
№13 кітапханада «Парасат жолы» жобасы аясында Балалар әдебиеті мен оқуын қолдау жылына орай №11 мектеп-лицейдің жанынан құрылған «Ақ көгершін» жазғы тынығу лагерінің балаларымен «Кітап ақылшы досың» атты кітап оқу жарысы өткізілді. Жас оқырмандар балаларға арналған әлем жазушыларының шығармаларынан үзінділерді мәнерлеп оқып, кітап көрмелерімен танысты.
Кітап оқудың ұлт болашағы үшін маңызы зор. Кітап -білімнің қайнар көзі. Кітап қана дәл мәнді білім береді, себебі ол адамды терең ойлауға жетелейді. Әр адам кітаптың бетін ашқан сайын оның әлемінің тылсым табиғаттың, жаңа құндылықтарды үйренеді . "Наданмен дос болғанша, кітаппен дос бол" деп текке айтылмаған. Қазақтың көркем тілі – қазақ тілі қазақтың көркем әдебиетінде.









