Бәрі де денсаулық туралы.
Денсаулық - табиғаттың ең қымбат сыйы. Алла Тағаланың адам баласына берген ұлы аманаты. Күнделікті жұмыста жүргенде, деніміз сау болғанда, денсаулықтың қадірін біле бермейміз. Аздап ауырсақ, өзіміз білетін дәрі-дәрмектерді ішіп жазылып кетуге тырысамыз. Дәрігерге бара қоймаймыз. Шын мәнінде кез келген аурудың алдын алуға болады. «Қолда барда алтынның қадірі жоқ» демекші, денсаулықты барында бағалай білмеген адамдар басына дерт салмақ салғанда ғана денсаулықтың, өмірдің құнын ұғынады. Сондықтан әуел бастан бардың бағасын білудің маңызы зор. Осы орайда оқырмандардың денсаулық жайлы білімдерін жетілдіру, аурудың алдын алуға, жат әдеттерден бойды аулақ ұстауға, жаз мезгілінде санитарлық-гигиеналық талаптарды сақтап, дұрыс тамақтануға, өз денсаулықтарын күте білуге, салауатты өмір салтын ұстанып, спортпен шұғылдануға тәрбиелеу мақсатында №20 кітапхана «Жазғы кітап» жобасы аясында «Бәрі де денсаулық туралы» атты денсаулық сағатын ұсынады. «Ауырып ем іздегенше, ауырмаудың жолын іздейік!»
[media=https://youtu.be/XLpF19fcXSY]







