Жыл кітабын оқимыз!

     №20 кітапханада республикалық «Бір ел – бір кітап» акциясы аясында жыл таңдауына ие болған қазақ әдебиетінің көрнекті өкілдері  Ә. Тәжібаевтың поэзиясына арналған ««Толағай ақын, толастамас жыр» атты әдеби подиум, Ә. Кекілбаевтың «Аңыздың ақыры» романы бойынша кітап талдауы өткізілді. Шара барысында «Жыл кітабын оқимыз!» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Оқырмандарға «Бір ел – бір кітап» акциясының тарихы, қос қаламгердің өмірбаяны мен шығармашылықтары кеңінен таныстырылып, әдебиеттерге шолу жасалды.
Шарада кітапхана оқырмандары Д. Жұмақан, А. Ұзақова, Г. Төлепберген, С. Серікбаева, Н. Қалиханова ақын, драматург, сыншы Ә. Тәжібаевтың өлеңдерін, поэмаларын және А. Серікұлы өз шығармашылығынан арнау өлеңін оқыды. Б.Әбдіраш,  Д.Қуанышбай,  А. Бекайдарова, Б.Ахметова сөз құдіретін шеберлікпен игерген жазушы Ә. Кекілбаевтың «Аңыздың ақыры» романы бойынша өз ой-пікірлерін айтты. Сондай-ақ, Ә. Мүсілімұлы атындағы №101 мектеп-лицей кітапханашысы Г. Ногаева тақырыпқа сай қызықты зияткерлік ойын түрін ұсынды. Яғни, артқы бетіне сұрақ жасырылған ұяшықтар арқылы оқырмандарға қос жазушының шығармалары бойынша сұрақтар беріліп, тұщымды жауаптар тыңдалды. 


26 сәуір 2019 ж. 1 317

Жаңа түсімдер

Мемлекеттік сатып алу

Бейнебаян

  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам