Әйел махаббаты.
№19 кітапхана Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Парасат жолы» жобасы аясында Тарихшы, қазақтың ауыз әдебиетін зерттеушісі ғалым. Филология ғылымдарының докторы, Мемлекет сыйлығының лауреаты Қазақстанның халық жазушысы Мұхтар Мағауинның өмірі мен шығармашылығын насихаттау мақсатында жазушының «Әйел махаббаты» - атты әңгімесі бойынша кітап талдауын онлайн түрде ұсынды..Кітап тәрбиенің өзегі-адамгершілік, ізгілік, мейірімділік, адалдық, әдептілік сияқты адамзаттың ең бағалы қасиеттерін негіз еткен. Шығарманың өн бойында адамдар арасындағы шынайы махаббат, адамгершілік, парасаттылық пен зұлымдылық, бақталастық сияқты шиеленіскен жағдайлар қисынды шешімін тауып, оқиғалар барысында өрбіп отырады. Кітаптың бас кейіпкерлері өмірде кездескен сан қилы қиыншылықтарға мойымай, аңсаған армандарына қол жеткізген. Жалпы жазушының шығармалары шыншылдыққа, адалдыққа, мейрімділікке құрылған. Кітапхана оқырмандары Берікқызы Жансая, Cарсенбаева Аружан шығарма жайлы өз ой- пікірлерімен бөлісті.







