Сыр сүлейі, жүрегі–жыр мекені
Ел тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Парасат жолы» жобасы аясында №3 кітапханада «Сыр сүлейі, жүрегі–жыр мекені» атты өнер сағаты өткізілді. Асылында, Манап ата айтыс өнері үшін жаратылған кісі болған. Манап атаны айтсақ айтыс дегеніміз, ал айтыс десек, Манап атаны айтқанымыз.
Манап Көкенов атамыз- от ауызды, орақ тілді суырып салма тілі жүйрік, ойы орамды, шашасына шаң жұқтырмайтын төкпе ақын болған.
Ақынның өлеңдері мен термелері, толғаулары, айтыстары мен ауыл сахналарына арналған пьесалары-мірдің оғындай ақыл-нақыл сөздері жеке-жеке тақырып етіп зерттеуді қажет етеді.
Шараның мақсаты: Жастарды рухани-адамгершілік және патриоттық бағытта тәрбиелеу, Манап Көкеновтың шығармашылығын кеңінен насихаттау болып табылады.







