Мультфильмдер топтамасы

     А.С.Пушкин  атындағы   орталық   кітапхана  коворкинг  орталығында    бүлдіршіндерге  арналған  «Мультфильмдер топтамасы»  тақырыбында ой қозғау  өткізіліп, мультфильм туралы  бейнероликтер  көрсетілді. Өзара ой – пікір алмасу барысында Кітап  құрттары» клубының төреағасы  Талғат Меңдібай мультфильмнің – өсіп келе жатқан жас ұрпақ тәрбиесінде аса қажет құралдардың бірі екені, ұлттық салт-дәстүрін    танытатын  тәлімі  мол  отандық  мультфильмдерді  көбейту, сол себепті  мультфильм саласына мән беріп дамыту керектігі туралы  пікірін   білдірді.. Мәселен, өзіміздің Тазша балаларымыз бен алып Алпамысты, қайсар Қобыландыны көрсетіп, ұлдарымызды ұлтжандылыққа, қыздарымызды қылықты болуға үндеу қажеттігін  клуб мүшелері   ортаға салды.. Өзіміздің ертегілеріміздегі Таусоғар, Көлтауысар, Желаяқ сынды кейіпкерлерді мультфильмдік образға айналдырудың уақыты  келгендігі  ескерілді.
 
27 сәуір 2019 ж. 1 404

Жаңа түсімдер

Мемлекеттік сатып алу

Бейнебаян

  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам