Мәңгілік елдің жастары

     Бүгінгі жас ұрпақ – болашақ Қазақстан азаматы. Олар өзімізді қоршаған ірі өркениет орталықтарын, түрлі мәдениетті меңгеріп, өзін сыйлата алатын, рухани дүниесі бай, интеллект-деңгейі жоғары, білімді де білікті жаһандану заманына сай болуы шарт. Осы орайда әрбір жас өз білімін, сөз шеберлігін көрсету үшін А.С.Пушкин атындағы орталық кітапхананың «Коворкинг» орталығында "Мәңгілік елдің жастары" атты арнайы зияткерлік сайыс өткізілді. Сайысқа С.Ысқақов атындағы Қызылорда құрылыс және бизнес колледждерінің 3 курс студенттері мен кітапхананың белсенді оқырмандары 3 топқа бөлініп қатысып, "Шежіре", «Жұмбақ», «Білім» айналымдары бойынша сайысты. Жастар үш айналым барысында өз тарихымыз, салт-дәстүрлеріміз, тау тұлғаларымыз бен өнерімізге қатысты сұрақтарға өз тапқырлықтарымен жауап берді. Сайысқа қатысушы жастарымыз кемел келешегімізбен білімді ұрпақ тәрбиесінің заман талабына сай орындалып жатқандығын тағы да айқындай түскен секілді. Шара өте қызықты әрі тартымды өтті.

27 сәуір 2019 ж. 1 026

Жаңа түсімдер

Мемлекеттік сатып алу

Бейнебаян

  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам