» » Айбары асқар елді, асқақтатар – Ата Заң

Айбары асқар елді, асқақтатар – Ата Заң

    №1 кітапхана   Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен «Парасат» жобасы аясында Қазақстан Республикасының  Конституциясы күніне орай «Айбары асқар елді, асқақтатар – Ата Заң» тақырыбындағы онлайн әдеи оқу ұйымдастырды. Әдеби оқу барысында Қазақстан Республикасының Конституциясының тарихи маңызы мен баптары туралы оқырмандарға ақпарат берілді. Сонымен қатар атаулы  тақырып аясында жыр арнаған ақындардың М.Әміреұлының «Ата Заң», А.Сейтақтың  «Азат елдің ар-намысы-Ата Заң», Т.Абылайдың «Ата  Заң» атты жыр шумақтарын кітапхананың белсенді оқырмандары Жібек Талғатқызы, Нұрай Алданқызы мен Оразбай Мейіржан жатқа оқыды.
   Мақсаты: Ата Заңның  бағасын білу, оқырман жастарды  еліміздің басты  құжаты - Конституцияның  тарихи маңызын насихаттай отырып, құрметтеуге үйрету. Құқықтық сауаттылыққа және  Отанын сүйетін ұлтжанды ұрпақ тәрбиелеу.
26 тамыз 2021 ж. 578

Жаңа түсімдер

Мемлекеттік сатып алу

Бейнебаян

  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам