Өнерде өз өрнегі бар тума

     №19  кітапхана  Тәуелсіздігіміздің  30 жылдығына орай, "Парасат жолы"  жобасы аясында Қазақстанның халық артисі, «Отан» орденінің иегері. Шәріпова Зәмзәгүл Нүсіпбайқызына өмірі мен өнерін насихаттау мақсатында «Өнерде өз өрнегі бар тума»-атты онлайн әдеби дайджестті  оқырман назарына ұсынады. 
     Кеңестік және қазақстандық кино және театр актриса — Зәмзәгүл Нүсіпбайқызы Шәріпова 1931 жылдың 31 тамызында Алматы облысы Жамбыл ауданында дүниеге келген.Қазақ өнерінің үлкен тұлғасы З.Шәріпова – көркемсөз оқудың үлкен шебері. Ол ұлттық классикадан радио мен теледидарда көптеген шығарма жаздырды. 1953 жылы М.Әуезов театрының актерлік құрамына қабылданды. Сол уақыттан бері үзіліссіз осы театрда қызмет ететін, актерлік диапазоны кең актриса ұлттық драматургия бен дүниежүзілік классикадан сан қырлы 100-ден аса бейне сомдады. Әмбебеп өнер шебері. Тек театр ғана емес, сонымен бірге кино, дубляж, радио саласында тындырымды еңбек етіп, өз қолтаңбасын қалдырды. Сан ұрпақ қазақ радиосынан Зәмзәгүл Шәріпова оқыған ертегілерді тыңдап, халық ауыз әдебиетінен сусындап, тағылым алып өсті. Сондықтан ұланғайыр еліміздегі бірнеше буын ұрпақ үшін, Зәмзәгүл Шәріпова – қазақ өнерінің аяулы анасы.

26 тамыз 2021 ж. 337

Жаңа түсімдер

Мемлекеттік сатып алу

Бейнебаян

  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам