Тіл – ұлттың тұғыры, рухы мен намысы
№20 кітапхана Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына орай «Парасат жолы» жобасы аясында 5 қыркүйек – Қазақстан Халқы тілдері күніне арналған «Тіл – ұлттың тұғыры, рухы мен намысы» атты ақпараттық дайджестті ұсынады. Айта кету керек, Тіл мерекесінің 5 қыркүйек болып белгіленуінің де өзіндік себебі бар. Бұл күн – «Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің қуаттысы - тіл» деп ұлағатты сөз қалдырған, қазақ тіл білімі мен әдебиеттану ғылымдарының негізін салушы, қазақ халқының тағдыры, тілі үшін күрескен Алаш арысы, Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туған күні. Іс-шара барысында Қазақстан сияқты көп ұлттың өкілдері тұратын тәуелсіз еліміздегі тілдік ахуал, тіл құрылысының қалыптасуы мен дамуы жайлы ақпараттар айтылды.
Іс-шараның мақсаты - тілдің мемлекеттік мәртебесін қалыптастыруға, қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтуге, тілін, елін сүйе білуге тәрбиелеу. Бірлік пен татулықтың үлгісіне айналған мерекелік күннің мән-мағынасын түсіндіру болып табылады.







