Бізде, бәрі сіздер үшін!

       А.С.Пушкин атындағы орталық кітапхана Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай « Парасат жолы»  жобасы аясында «Бізде, бәрі сіздер үшін!» атты  кітапханалық прайм тайм ашық есік күнін өткізді.
      Ашық есік күніне  С.Ысқақов атындағы «Қызылорда Құрылыс және Бизнес», «Абылайхан» атындағы жоғары колледждерінің 1 курс студенттері қатысып, кітапхана тарихы, оқырмандарға қызмет көрсету бөлімдерімен,  кітапхананы пайдалану ережелерімен танысты. Сонымен бірге  әр бөлімде ұйымдастырылған «Жаңа кітаптардың галереясы» екі тілде,  «Әлемді кітап оқумен ашамын!», «Оқы және өзгеге ұсын!» буккросинг, «Тіл халықтар достығының дәнекері» және де т.б креативті  кітап көрмелерімен жақын танысып, кітапхана жайлы  мағлұматтар алды. Ашық есік соңында  жастарды кітапхананың мүмкіндіктерін пайдалануға шақыра отырып,  кітапхана жайлы жарнамалық парақшалар таратылды.

03 қыркүйек 2021 ж. 399

Жаңа түсімдер

Мемлекеттік сатып алу

Бейнебаян

  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам