Тілге құрмет-елге құрмет
№14 Белкөл кенті кітапханасы мен клуб қызметкерлері ұйымдастыруымен 5 қыркүйек – Қазақстан халқы тілдері күніне орай «Тілге құрмет-елге құрмет» атты мектеп оқушылары қатысуымен топтық мақал-мәтел сайысы өткізілді. Сайыс ”Жалғасын тап”, “Кім тапқыр”, ”Ойлы болсаң, тауып көр” кезеңдерін қамтып, «Алғырлар» тобы мен «Тапқырлар» тобы арасында өрбітілді. Нәтижесінде бірінші орынды «Тапқырлар» иеленіп, тобы жеңіске дипломмен марпатталса, «Алғырлар» тобы алғыс хатпен марапатталды.
Сайыстың мақсаты: оқушылардың білімге деген құштарлықтарын, ізденістерін, қызығушылықтарын арттыру мен логикалық жылдам ойлау қабілеттерін дамыту, мақал-мәтелдердің қолданыс аясын кеңейту.







