Өнер алды-қызыл тіл
№13 балалар кітапханасында Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына орай «Парасат жолы» жобасы аясында №11 мектеп-лицей оқушыларымен «Өнер алды-қызыл тіл» атты сайыс өткізілді. Қазақ ақындарының тіл туралы жырларын мәнерлеп оқудан басталған сайыста жас оқырмандар мақал-мәтел айтысып, көнерген ескі сөздердің мағынасын ашты. Сайыскерлер қазақ тілінің ережелер мен тұжырымдарын жетік білетіндіктерін көрсете отырып, белсенділік танытты. Жас оқырмандарға мемлекеттік тіл – қазақ тілінің құдіретін, ұлылығын таныту, қазақ әдет-ғұрыптарының қыр-сырын ашу, түсіндіру, мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту, тіл мәдениетін арттыру және оны кеңінен насихаттау, дұрыс сөйлеуге дағдыландыру мақсатындағы шара өте тартымды өтті.







