Тіл мәртебесі - ел мәртебесі
№16 кітапханада Тәуелсіздіктің 30 жылдығына, "Парасат жолы " жобасы аясында 5 қыркүйек - Тілдер мерекесіне орай "Тіл мәртебесі - ел мәртебесі" атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Кітапханашы ана тіліміздің маңыздылығына тоқталып, кітап көрмесіне қойылған А. Байтұрсынұлының шығармаларына, М. Серғалиевтің "Тілім менің - тінім менің", А. Алдаштың "Сөз мәдениеті", "Тіл туралы толғам", "Түркі тілдері", "Қазақша үйренейік" және т.б. әдебиеттерге шолу жасады.







