Өнерлі жан

    №14 кітапханада Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына орай «Парасат жолы» жобасы аясында қазақтың тұңғыш актерлерінің бірі, сахна саңлағы Серке Қожамқұловтың  туылғанына 125 жылдығына «Өнерлі жан» атты  танымдық сағаты болып өтті.
    Қожамқұлов Серәлі – қазақ актері, ұлттық кәсіпқой театр өнерінің негізін салушылардың бірі. Қостанай облысының Қарабалық ауданында 1896 жылы туып, Алматы қаласында 1979  жылы дүние салған. Қазақстанның халық артисі. Өнерге деген құштарлығын оятуға туған жездесі Жүсіп Темірбеков пен қазақтың әйгілі жазушысы Бейімбет Майлиннің шапағаты тиген. С.Қожамқұлов өзінің актерлік ұзақ өмірінде театр мен кинода көптеген рөлдерді сомдап, қайталанбас шеберлігімен жұртшылық ықыласына бөлене білді.
Шараның мақсаты: кәсіби ұлттық театр өнерінің негізін қалаушылардың бірі Серке Қожамқұловтың бейнесін жаңғырту, театр тарланының шығармашылық өмір жолын өскелең ұрпаққа насихаттау.



06 қыркүйек 2021 ж. 434

Жаңа түсімдер

Мемлекеттік сатып алу

Бейнебаян

  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам