Латын әліпбиі-жаңа қоғам құндылығы
№17 кітапхана Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына орай «Парасат жолы» аясында «Латын әліпбиі-жаңа қоғам құндылығы» атты әдеби дайджесті оқырман назарына ұсынады. Еліміздің латын әліпбиіне көшуі ұлтымыз үшін жасалған маңызды қадамдардың бірі. Ұлы дала елінің тарихына көз жүгіртсек, бірінші тұғырлы байлық-жер, екіншісі-тіл, үшіншісі-мемлекетжәне оның тарихи болуы керектігі айқындалады. Латын әліпбиі туралы мағлұматтар біліп, тіл мәртебесін көкке көтерген көптеген тілші ғалымдардың, өз кезегінде қазақ тілінің мемлекеттік мәртебесін айқындаған тіл жанашырларының кітаптарына шолу жасалды.







