Атадан қалған көне сөз
Қазақ тілі –әлемдегі тілдер арасынан көркемдігі мен бейнелігі, тазалығы мен сөздік құрамының молдығы жөнінен ойып орын алған тілдердің бірі. «Көне сөз – жаңа сөздің қазығы» деген аталы сөзді арқау ете тұрып, №2 балалар кітапханасы « Атадан қалған көне сөз» атты көне сөздерге онлайн саяхат ұсынды. Шара барысында, интернет пайдаланушы оқырмандарымызға бірнеше көне сөздерге анықтама берілді.Шараның басты мақсаты қазақ тілі туралы білімді жетілдіру, тіл мәртебесін көтеру болып табылады.







