Халық бірлігі және жүйелі реформалар- ел өркендеуінің берік негізі
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым Жомарт Тоқаевтың 2021 жылы 1 қүркүйекте Қазақстан халықына жолдаған «Халық бірлігі және жүйелі реформалар- ел өркендеуінің берік негізі» атты Жолдауын насихаттау мақсатында Ақжарма ауылдық №9 кітапханада «Жолдау–ел өркендеуінің берік негізі» атты дөңгелек үстел өткізілді.
Мемлекет басшысының жолдаудағы жарқын болашақты жақындатар 5 бастамасы, елдің алдағы әлеуметтік-экономикалық дамуының басым бағыттары таныстырылып, оқырмандар ойларымен бөлісті. Төменгі жалақымен сала қызметкерлерінің жалақысының көбеюі, 1 мың мектеп салу , Қызылорда обылыснда су қоймасы салынуы көңілден шықты.
Мемлекет басшысының жолдауында «Біз үшін ең маңыздысы-әр азаматтың Тәуелсіздік игілігін сезіне алуы»-деп атап көрсетті .Бұны мемлекеттік стратегияның өзегі, елдің баянды болашағы жолындағы бүгінгі атқарылып жатқан жұмыстардың мәні деуге болады.







