Бақытты отбасы – ел қуаты

       №3 кітапхана   Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына орай  «Парасат жолы» жобасы  аясында  «Бақытты отбасы – ел қуаты»  атты таным    сағатын назарларыңызға ұсынады. 
      Шараның мақсаты:  Оқырмандарға отбасы құндылығы жайлы айту, өз отбасы игілігі үшін талмай еңбек етуге,  ұлттық салт – дәстүрді берік ұстау,   өз отбасына құрмет сезімін дамыту  керектігін  ұғындыру .                                                                                               Адам баласы өмірді отбасы  арқылы тани бастайды, яғни  ең маңызды  базалық танымды отбасынан  алады. Себебі, отбасы – бала тәрбиесінің ең алғашқы ұжымы.Адамның жеке басының қалыптасуы отбасынан басталады.Оның ер жетіп өсуі, бойындағы алғашқы адамгершілік белгілер отбасында қалыптасады, сондықтан да туған үйдің жылуы – оның көкірегінде көп жылдар бойы сақталып, мәңгі есінде жүреді.Отбасы – табиғат сыйлаған кереметтердің бірі. Жеке адамның бойындағы ар-ұятын , ақыл-ойын ,адамгершілігін , мәдениеттілігін тәрбиелеуде отбасы – алғашқы қадам.Отбасы – өте қажетті, басқадай еш нәрсемен өзгертуге болмайтын баспалдақ. Отбасында адам бойындағы асыл қасиеттер жарқырай көрініп, қалыптасады. Отанға деген ыстық сезім – жақындарына, туған-туысқандарына деген сүйіспеншіліктен басталады. Сол себепті де біз отбасын Отанның кішкентай бір бөлшегі ретінде қарастырамыз.

09 қыркүйек 2021 ж. 404

Жаңа түсімдер

Мемлекеттік сатып алу

Бейнебаян

  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам