Достық әнін шырқайық

    1-мамыр  Қазақстан халықтары бірлігі күніне орай  №10 Қараөзек ауылдық  кітапханасында  №39 мектеппен бірлескен  «Достық әнін шырқайық» атты  әдеби-музыкалық кеш өткізілді. Шараны мектеп директорының  тәрбие ісі орынбасары  Қоқыбасов Сержан ашып,  Қазақстандық бірегейліктің негізгі арқауы – еліміздің барлық ұлт пен ұлыстарының   бір шаңырақ астына топтаса білуінде,  елімізде тату-тәтті өмір сүретін халықтардың әдет-ғұрпын, әдебиетін, дәстүр-тарихын, тілін қастерлеу, бүгінгіміз бен келешегімізді жалғайтын жас ұрпақтың негізгі міндеттерінің бірі екендігін атап өтті. Мектеп оқушылары түрлі ұлт өкілдерінің әндерін айтып, билерін биледі.  Қазақ ақындардың халықтар достығы жайлы  өлеңдерін жатқа оқып, кітап көрмесі бойынша әдебиеттермен танысты. 

02 мамыр 2019 ж. 1 135

Жаңа түсімдер

Мемлекеттік сатып алу

Бейнебаян

  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам