Еңбек – ырыстың қазығы

     №1 кітапханада Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына орай  «Парасат жолы» жобасы аясында «Еңбек – ырыстың қазығы»   тақырыбында еңбек ардагерлерімен    кездесу кеші онлайн форматта өткізілді. Онлайн шараға Тасбөгет кенті жанынан құрылған ардагерлер ұйымының орынбасары, Еңбек ардагері – О.Ж.Тобақабылов мен Тасбөгет кенті қоғамдық кеңестің мүшесі, еңбек ардагері  - М.А.Жәлімбетов  қатыстырылды. Кеш қонақтары өскелең жас ұрпақтарға өздерінің еңбек жолдарындағы жетістіктері мен қиындықтарын айта келіп, жастарды  ерінбей еңбек етуге шақырды. Шара барысында С.Майқанова атындағы мәдениет үйінің  қызметкері Маханбетжанов Мейрімжан терме орындады.


10 қыркүйек 2021 ж. 482

Жаңа түсімдер

Мемлекеттік сатып алу

Бейнебаян

  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам