Тектіліктен өрбитін тәрбие
Ақжарма ауылдық №9 кітапхана мен Сырласу әйелдер клубы бірлесіп «Тектіліктен өрбитін тәрбие» атты пікір алысу кеші ұйымдастырылды.«Сырласу» клубының мүшелері Қ.Болтаева, Т.Бегманова, Г.Қалиева апаларымыз тектілік туралы өрелі пайымдарды ойларын ортаға салды..Саралай келгенде, имандылық пен адамгершілік жолын тектілік десек, имансыздық пен арсыздық жолын тексіздік деуге болады деген пікірлер айтылды. Жалпы адам баласы жаралғалы бері ақ пен қараның, жақсылық пен зұлымдықтың айқасы үздіксіз жалғасып келе жатқаны мәлім. Өмір сынақ мекені болғандықтан, бұл өмірде адалдық пен арамдық, жақсы қылықтар мен нашар әдеттер бәрі аралас.
Тектілік — терең, әрі ауқымды тақырыптың бірі. «Тектілік – адам бойындағы асыл қасиеттердің, парасаттылықтың үлгісі ретінде ұрпақтан-ұрпаққа рухани сабақтастықпен берілуі. Тектілік құбылысы жақсы адамның кездейсоқ қалыптаспайтынын, ата-бабалардан берілетін дүниетанымдық, ділдік , психологиялық т..б. бейімділіктері болуға тиістілігін көрсетеді. Тектілік гендік түрде берілетін биологиялық қасиет қана емес. Нағыз тектілік , мейірбандықтан сыпайылықтан , ізгіліктен көрініп, осы ізгі ниетпен ешкімді төмендетпей, шеттетпей биіктеуге мүмкіндік береді. Халқының, Отанының мүддесін жоғары қоя білген адамдардың қатары көбейген сайын тектіліктің де қадірі артып, қоғамдағы қайшылықтар шешімі жеңілдейді».







