» » Елдің күштілігі – халықтың бірлігінде

Елдің күштілігі – халықтың бірлігінде

      1-мамыр Қазақстан халықтарының  бірлігі күні мерекесіне орай А.С.Пушкин атындағы орталық кітапхана «Елдің күштілігі – халықтың бірлігінде» атты кітап көрмесін  С.Ысқақов атындағы Қызылорда Құрылыс және Бизнес  колледжі студенттері қатысуымен өткізді. 
      Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан халықтарының ассамблеясы» атты екі тілдегі кітабы, «Қазақстан:бірлік пен әр алуандық жолында», «Қазақстан және әлем елдері» атты кітап-альбомы, О.Жанайдаровтың «Менің елім Қазақстан» балалар энциклопедиясын, «Қазақстан және әлем елдері» атты кітаптары және де әр ұлт  өкілдерінің тарихын, салт-дәстүрін, ұлттық дастархан мәзірін дәріптейтін басылымдар беттерінде жарық көрген мақалалары таныстырылып, насихатталды. Шара соңында  колледж оқытушысы Қараманова Шолпан  жастарымызға бүгінгі көпұлтты мемлекетімізді мекендейтін халықтар достығы жайлы өзінің келелі ой-пікірін жеткізді.

02 мамыр 2019 ж. 945

Жаңа түсімдер

Мемлекеттік сатып алу

Бейнебаян

  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам