Сапалы білім – саналы ұрпақ азығы

    Елбасы Қасым – Жомарт Тоқаевтың  «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі»  атты Жолдауын насихаттау мақсатында қалалық жүйеге қарасты №1 кітапхананың ұйымдастыруымен Қызылорда облыстық М. Ықсанов  атындағы политехникалық колледжі студенттері мен жас ұстаздар арасында «Сапалы білім – саналы ұрпақ азығы» атты дөңгелек үстел өткізілді. 
1 қыркүйек «Білім күні» мерекесімен қатар еліміздің тарихында, жаңа бір саяси жаңалық орын алды.  Еліміз жыл сайын үлкен үмітпен күтетін ел президентінің Жолдауы 2020-2021 жаңа оқу жылының басталуымен қатар келуі, әрбір азаматтың ерекше назарын аударды. Дөңгелек үстелге  директордың тәрбие жөніндегі орынбасары – Сыздықов Исабек, колледж әдіскері – Бегайдаров Самат және «Тарих» пәнінің жетекшісі Ізбасов Дәурен қатысып, жолдауда  жас ұрпақтың оқуына, үздіксіз білім алу және ғылым саласында жетістіктерге жетуіне барлық жағдайды жасаудың маңыздылығына ерекше тоқталды.  Жастарда Елбасы Жолдауындағы басты тақырыптар туралы өз ой пікірлерін ортаға салды.

17 қыркүйек 2021 ж. 326

Жаңа түсімдер

Мемлекеттік сатып алу

Бейнебаян

  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам