Қазақтың біртуар ақыны – Қасым ақын
№15 қалалық кітапханада Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына орай «Парасат жолы» жобасы аясында «Қазақтың біртуар ақыны – Қасым ақын» атты Қасым Аманжоловтың 110 жылдығына орай онлаин шолу ұйымдастырылды. Оның өмір жолы таныстырылып, «Мен табиғат бөбегі», «Туған жер» өлеңдері оқылып, «Өзім туралы», «Өмір сыры», «Құпия қыз», «Бикеш», «Шегінерге жер жоқ» т.б. кітаптары насихатталды.







