Ел өркендеуінің берік негізі
№13 балалар кітапханасы Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына орай «Парасат жолы» жобасы аясында №11 мектеп-лицей оқушылары арасында «Ел өркендеуінің берік негізі» атты ақпараттық сағатты Ел Президентінің кезекті жолдауын насихаттау мақсатында өткізді. Жолдаудың негізгі мақсаттары мен басым бағыттары түсіндіріліп, қажетті деген мағлұматтары дауыстап оқылды. Жас оқырмандарға білім саласын жетілдіру, халықтың әл-ауқаты мен денсаулығын нығайту мақсатындағы игі шаралар мен ана тілінің қолданыс аясын кеңейту қажеттілігі туралы айтылды.







