Жолдау 2021-Ел өркендеуінің берік негізі
№ 17 кітапхана Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Парасат жолы» жобасы аясында «Жолдау 2021-Ел өркендеуінің берік негізі» атты ақпарат сағатын оқырман назарына ұсынады. Мемлекет басшысы Парламент Палаталарының бірлескен отырысында «Халық бірлігі және жүйелі реформалар-ел өркендеуінің берік негізі» атты Жолдауын жариялап, Қазақстанның алдағы даму стратегиясын айқындап берді. Мемлекет басшысының пандемиядан кейінгі кезеңдегі елді одан әрі дамытуға, денсаулық сақтау жүйесінің, сапалы біліммен қамтуға, халқымыздың әл-ауқатын арттыруға арналған бастамалары жайлы мәлімет беріліп, шараға қатысушылар Жолдау төңірегіндегі ойларын ортаға салды. Шараның мақсаты - Ел Президентінің Қазақстан халқына арнаған Жолдауын оқырман қауым арасында кеңінен насихаттау.







