Абзалдық әліппесі

     №6 кітапхана ұйымдастыруыменен  жазушы Мырзагелді Кемелдің «Абзалдық әліппесі» кітабы  С.Ысқақов атындағы Құрылыс және бизнес колледжінің 2 курс студенттері арасында талқыланды. Кітапхана оқырманы, ардагер ұстаз Ә.Жалғасбаев, колледж кітапханашысы   Б.Ибрагимова  оқырмандарға «Абзалдық әліппесі» кітабы бойынша даналық сөздердің мағыналарын ашып түсіндіріп берді. 2 курс студенттері А.Омарова, М.Әбжан,  Н.Есентай, Д.Әбдіраш, С.Төлепберген жазушының кітаптарынан үзінділер оқып, пікір таластырды. «Рухы мол жазушы» атты кітап көрмесіне қойылған жазушының шығармалары - көне үнді даналығының, қытай ақылмандарының қазіргі заманғы парапсихологтардың кітаптары,  қазақ тіліне аударған 5 томдық "Кемел" атты керемет сыйлық басылыммен шыққан "Ойтұмар", "Ойдана", "Ойсана", "Ойтаным", "Ой-дәптер" шығармалары таныстырылды, жастар кітаптардың электрондық нұсқасына қызығушылық танытты. 


02 мамыр 2019 ж. 1 190

Жаңа түсімдер

Мемлекеттік сатып алу

Бейнебаян

  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам