Ұсынамын! Оқы! Қызық!
А.С.Пушкин атындағы қалалық орталық кітапханада «Ұсынамын! Оқы! Қызық!» атты оқырман мінбесі өтті.
Шараның мақсаты- рухани ойлау дәрежесі биік, мәдениетті, парасатты, ұлттық сана-сезімі жоғары, білімді адамдар ортасын, өскелең жастарымызбен кездестіріп , кітапхананың ең үздік оқырманын насихаттау. Кітапханаға оқырман тарту.
Кітапханалық кездесудің кейіпкер қонағы «Kitap QURTTARY» кітап клубының төрағасы Меңдібай Талғат Амангелдіұлы жастарға өзінің кітапқа деген қызығушылығы алдындағы ағаларынан дарығанын және де өзінің сүйікті қайталап оқитын кітаптарына тоқталып, кәзіргі уақытта қаламыздағы барлық саладағы қызмет жасап жүрген жастарымыз мүше болған «Kitap QURTTARY» кітап клубының жұмысымен таныстырып өтті. Шара барысында қонағымызға көрермен жастарымыз сұрақтар қойып, өздеріне пайдалы мағлұмат алды.







