Қасірет пен тағдыр
№16 қалалық кітапханада № 136 мектептің 10 сынып оқушылары қатысуымен Тәуелсіздіктің 30 жылдығына, «Парасат жолы», «Бір ел – бір кітап» жобалары аясында жазушы Сәуле Досжанның «Қасірет пен тағдыр» атты романынан оқырмандар конференциясы өткізілді.
Романда Семей полигоны құрбандарының қасіреті баяндалады. Автор Тәуелсіздік жолындағы өтпелі заманның қиындықтарын шығарманың басты кейіпкері Аяулымның тағдырымен жалғастырады. Шара барысында жазушының шығармашылығы, романның желісі, мақсаты, кейіпкерлері туралы айтылып, оқырмандар ой-пікірі өрбітілді.







