Ел мүддесімен ұштасқан жолдау

    Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына орай «Парасат жолы» жобасы аясында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауын кеңінен насихаттау мақсатында №6 кітапхананың ұйымдастыруымен Ақмешіт гуманитарлық-техникалық колледж оқытушылары мен 2 курс студенттерінің арасында «Ел мүддесімен ұштасқан жолдау» атты ақпараттық сағат өткізілді. Іс-шара барысында кітапхана қызметкерлері А. Қалманова, Г. Залиева және колледждің тәрбие және мәдени жұмыстар бөлімінің меңгерушісі Н. Саймағамбет, ақпараттық-жүйе маманы Е. Бегалиев ауқымды реформалар,  халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған Жолдаудың 5 негізгі бастамалары жайлы айтып, жастарды игі бастамаларды іске асыруда жоспарлы және жүйелі жұмыс жасауға шақырды. Өз кезегінде сөз алған жастар да жаңалықтың жаршысындай жаңа оқу жылында жарияланатын Мемлекет басшысының Жолдауынан зор үміт күтетіндіктерін жеткізді.

27 қыркүйек 2021 ж. 418

Жаңа түсімдер

Мемлекеттік сатып алу

Бейнебаян

  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам