Желқайық
Дәстүрлі «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы аясындағы әдебиетіміздің қазыналы туындыларын оқырмандар арасында насихаттау, оқу мәдениетін қолдау және дамыту, жастарды рухани және патриоттық тәрбиеге баулу мақсатында Ақжарма ауылдық №9 кітапхана мен №218 мектеп кітапханасымен бірлесіп «Оқы.Ұсын. Талқыла…» тақырыбында Тұрысбек Сәукетаевтың «Желқайық» атты романынан кітап талдауын өткізді. Кітапхана оқырмандары А.Қазымбекова, А.Оразалы романдағы «Тірілген өлік», А.Нұрлан «Қырда адасқан париж қызы» , А.Мұрат «Сүйінші», А.Темірхан проза жанры бойынша таңдалған кітаптардағы туындыларға әдеби талдау жасап, өз пікірлерін ортаға салды. Сонымен қатар «Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына – 30 кітап» атты кітап көрмесі бойынша әдебиеттерге шолу жасалып таныстырылды.







