» » Президент Жолдауы-игі істер бастамасы

Президент Жолдауы-игі істер бастамасы

    А.С.Пушкин атындағы орталық кітапхана Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына орай «Парасат жолы» жобасы аясында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауын кеңінен насихаттау мақсатында №140 орта мектептің ұстаздары мен кітапханашылары және «Абылайхан» атындағы жоғары колледжінің 1 курс студенттерінің қатысуымен «Президент Жолдауы-игі істер бастамасы» атты ақпарат күнін  өткізді.  
   Шара барысында Жолдаудың 5 басым бағыты  айтылып, мектеп кітапханашысы  Маманова Салтанат  Жолдаудағы Мемлекет басшысының кітапхана ісіне мән беруі кітапханашылар үшін  зор мәртебе екенін айта келіп,  бұл Қазақстан кітапханаларының кітап мәртебесін көтеруде атқарып жатқан жоғары деңгейдегі еңбектерінің жемісі деп атап айтты. Сонымен  қатар шараға қатысушы жастарымыз  Жолдау төңірегіндегі ойларын ортаға салып, Мемлекет басшысының Жолдауынан зор үміт күтетіндіктерін жеткізді.

 
28 қыркүйек 2021 ж. 27

Жаңа түсімдер

Мемлекеттік сатып алу

Бейнебаян

  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам