Есімде есілген естеліктер

    №17 кітапхана Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Парасат жолы» жобасы аясында   жазушы Мыңбай Рәштің «Есімде есілген естеліктер: кітабына онлайн шолуды назарларыңызға ұсынады. Сатирик-жазушы Мыңбай Рәштің «Есімде есілген естеліктер...» кітабы «Алаш баспасынан» 2019 жылы жарық көрген. Автор бұл кітабында өткен ғасырдың 1943 жылдың күзінде, сұрапыл соғыс жүріп жатқанда, Алматы қаласында өткен Қазақстан ақындарының айтысын ашқан жыр алыбы Жамбылды 14 жасында көзімен көргені хақында, естелікке кірген аса көрнекті, белгілі қоғам, мемлекет қайраткерлері, мәдениет майталмандарымен кездесіп, сұхбаттасқаны жайлы сыр шертеді. Өресі биік тұлғалардың жүріп өткен жолдары, олардың адами ерекшіліктері танымдылық жағынан кейінгі жас ұрпақтарға  әсер ететін дүние. Шараның мақсаты: Жазушы Мыңбай Рәштің шығармаларын таныстыра отырып, оқырмандарды кітап оқуға шақыру.

28 қыркүйек 2021 ж. 13

Жаңа түсімдер

Мемлекеттік сатып алу

Бейнебаян

  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам