» » Салт – дәстүрім таусылмайтын байлығым

Салт – дәстүрім таусылмайтын байлығым

     №1 кітапханада Тәуелсіздіктің 30 - жылдығына орай,   «Парасат  жолы» жобасы,   «Болашаққа  бағдар: рухани жаңғыру»    мақаласы  аясында  «Салт – дәстүрім таусылмайтын байлығым»  атты  Батыр аналармен кездесу  кеші өткізілді. Шараға алтын құрсақты «Батыр аналар» Көрпешова Шамшырақ, Бекенова Бисен, Омарова Күнсұлу, Алшынбаева Дүйсенкүл, Молдабекова Сәуле, Жақанова Раушан апайлар қатыстырылып атадан балаға мұра болып келе жатқан салт дәстүрлердің шығу тарихы мен тәрбиелік мәні мен қазіргі таңда сол дәстүрлердің көп жерлерде өзгеріске айналып бара жатқандығы туралы мәнді пікірлерін айтты.  Шара барысында «Батыр Ана» Көрпешова Шамшырақ Әйелдердің шашы,  шаш күтімі оны тарау, өсіру, өру туралы айтып, «Жалғыз бұрым» көрінісін көрсетті.                      Оқырмандар жеті ата туралы түсініктерін айтып, өз жеті атасын айтып берді.
Шараның  мақсаты: Оқырмандарға  қазақ  халқының  салт – дәстүрі мен әдеп  ғұрыпының тәрбиелік  мәнін  ұғындыру; қазақ халқының қанына сіңген  ізгі адамгершілік қасиеттерін  халықтық  салт – дәстүрімен сабақтастыру, халық  өнегесін үйрету, ұлтымыздың  дәстүрлерінен үлгі алу; имандылық, инабаттылық, ізеттілік қасиеттерін қалыптастыру.

 
01 қазан 2021 ж. 377

Жаңа түсімдер

Мемлекеттік сатып алу

Бейнебаян

  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам