Ғабдол Сланов
№1 кітапхана Тәуелсіздіктің 30-жылдығына орай, «Парасат жолы» жобасы аясында ақын, жазушы, публицист Ғабдол Слановтың – 110 жылдық мерейтойына «Асау арна» романы бойынша оқырмандар конференциясы онлайн форматта өткізді.
Ғабдол Слановтың сонау 1963 жылы кеңестік дәуірде советтік потриотизм негізінде жазылған екі бөлімді тарихи шығармасы Жетісу жеріндегі Қарғалы, Шұға комбинатаның ертедегі салыну тарихын баяндайды.
Қазақ ауылдарының тұрмысы, тіршілігі шаруашылығы салт-санасы, өмірі, жұмысшы табының қалыптасу дәуірі, орыс және қазақ жұмысшыларының достығы, қанаушы тапқа қарсы бірлескен күресі туралы оқырмандар ой-пікірлерін айтып, кітаптың толық мағынасын ашты.











