Ұлы даланың жеті қыры
№10 Қызылөзек ауылдық кітапханасында «Ұлы даланың жеті қыры» пікір талас сағаты Елбасымыздың Қазақстан тарихы туралы мақаласын насихаттау мақсатында ауыл тұрғындары мен белсенді оқырмандар арасында өткізілді. №39 «Қызылөзек» орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Омарова Жанна мақаладағы «Ұлы Жібек жолы» мен атқа міну мәдениеті туралы айтса, ауылдық ардагерлер кеңесі төрағасы Қ.Дармолдаев қазақ халқының сан ғасырлар бойы жинақтаған мол тәжірибесін, ұлттық құндылықтарын ұлықтаудағы мақаланың маңыздылығына тоқталды. Клуб әдіскері Ахметова Дина дәстүрлі қазақ өнері ойын ортаға салып, «Қазақстан-2050» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып таныстырылды.







