Рухани жаңғыру және қазақ әліпбиі
2021 жылдың 30 қыркүйек күні А.С.Пушкин атындағы орталық кітапхана Абылай хан атындағы №140 қазақ орта мектебінде «Қызылорда облысының ішкі саясат басқармасының «Рухани жаңғыру» орталығы КММ, «Қызылорда облысының тілдерді оқыту орталығы» КММ-інің бірлесіп «Рухани жаңғыру және қазақ әліпбиі» атты ақпараттық-танымдық сағатын өткізді. Іс-шара барысында «Рухани жаңғыру» орталығы КММ директорының орынбасары сөз сөйлеп өз ойын ортаға салып, «Қызылорда облысының тілдерді оқыту орталығы» КММ директорының орынбасары Махамбет Айдана «Рухани жаңғыру және қазақ тілі» тақырыбында баяндама жасады. Шараға арнайы «Рухани жаңғыру және қазақ әліпбиі» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, кітапханашы Төлендиева Данагүл Қазыханқызы өскелең ұрпақты көне латын графикасына негізделген оқулықтармен таныстырып, кеңінен ақпарат берді.







