Жасай бер, Тәуелсіздігім!
Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына орай «Парасат жолы» жобасы аясында №13 балалар кітапханасы Қарақат студиясы оқушыларымен бірлесе "Жасай бер, Тәуелсіздігім!"атты мерекелік кеш өткізді. Шарада барысында жас оқырмандар ақын жырларын жатқа оқып, домбырамен өлең айтып мерекелік көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Мақсаты: оқушыларды Отанымызды сүюге, еліміздің рәміздерін қастерлеуге баули отырып, туған жеріне деген сүйіспеншілігін ояту. Елін, жерін, тілін, тарихын құрметтейтін жаны таза, адамгершілігі мол азаматты тәрбиелеу.







