Сайраған бақта бұлбұлдай

    №15 Талсуат ауылдық кітапханасында  Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына орай, «Парасат жолы» аясында  «Сайраған бақта бұлбұлдай» тақырыбында  онлайн шолуды оқырман назарына ұсынады. Шара ақын, жырау, айтыскер, сыр сүлейі   Қаңлы Жүсіп Қадірбергенұлының шығармашылығына арналады. Ел арасында «Қаңлы Жүсіп», «Молла Жүсіп» деген есімдермен аты жайылған Қаңлы Жүсіп алғашқыда ауыл молдасы Темір қожа деген кісіден хат танып, әрі қарай өз бетінше мұсылманша және орысша сауатын жетілдірген. 14 – 15 жасқа қараған шағында ақындығымен халыққа таныла бастады. Біраз уақыт биге атқосшы, болысқа тілмаш болады. Кеңес өкіметі тұсында Тереңөзек қыстағының сотында хатшылық қызмет атқарды. Оның «Ана мен бала», «Түлкі, қасқыр, қой», Ағайынды үш жігіт», «Опасыз жар», «Мағрупа қыз, «Мәрді салық» т.б. шығармалары ел арасына кең тараған.

12 қазан 2021 ж. 10

Жаңа түсімдер

Мемлекеттік сатып алу

Бейнебаян

  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам