Думан Рамазанның «Пешене» кітабы

   №6 кітапханада  ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына – 30 кітап» рухани-мәдени акциясы аясында «Драматургия» жанры бойынша жазушы, драматург,  халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері Думан Рамазанның «Пешене» кітабы бойынша оқырмандар конференциясы өтті. Іс-шараға көпсалалы «Ақмешіт» гуманитарлық-техникалық колледж оқытушылары мен студенттері, кітапхана оқырмандары қатысты. Іс-шара барысында «Жыл кітабын бірге оқиық!» атты бейнебаян көрсетіліп,  колледж оқытушысы А. Сейіл АҚШ-та өте танымал болған «Бір кітап, бір Чикаго» және «Егер Сиэтлдің бүкіл тұрғыны бір кітапты оқыса» деген кітапханалық жобаларға негізделген Қазақстандық «Бір ел – бір кітап» жобасының тарихы және Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына әдебиеттің бес жанры бойынша таңдалған 30 кітап жайлы айтса, кітапханашы Г. Залиева «Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына – 30 кітап» атты кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасап, «Драматургия» жанры бойынша жазушы, драматург,  халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері Думан Рамазанның «Пешене» жинағына топтастырылған туындыларға кеңінен тоқталды. Сондай-ақ, кітапхана оқырмандары А. Шәріпова ағартушы-педагог Ы. Алтынсариннің «Өнер-білім бар жұрттар» өлеңдер топтамасы, А. Ақмырза жазушы Б. Соқпақбаевтың «Жекпе-жек», А. Жұмадилдаева жазушы Д. Рамазанның «Пешене» шығармасы жайлы өз ойларын ортаға салды. 
    Іс-шараның мақсаты –  танымал қазақстандық авторлардың поэзия, проза, драматургия, балалар әдебиеті және аударма жанрдағы жалпыхалықтық оқуға іріктелген 30 үздік шығармаларын насихаттау, оқырмандардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, елжандылыққа, кітап оқып, рухани бай болуға  тәрбиелеу.

12 қазан 2021 ж. 17

Жаңа түсімдер

Мемлекеттік сатып алу

Бейнебаян

  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам