Сырдың сұлу шаһары
№16 кітапхана Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына орай «Парасат жолы» жобасы аясында Қала күніне «Сырдың сұлу шаһары» атты кітап көрмесін ұйымдастырды.
Қалың қатпарлы тарихтың куәгері болған Сыр бойы – береке-бірлігі бұзылмаған ұйытқылы жұрттың Ұлы ордасы. Сахара жүзін шаһарлармен өрнектеген бабаларымыз киелі байрақ көтеріп, жойқын дария алабын гүл жазиралы байтаққа айналдырды. Шара барысында кітап көрмесіне Қызылорданың тарихы, табиғаты, тарихи-мәдени мұралары, киелі жерлері, тарихи тұлғалары жайлы жазылған «Қызылорда», «Сырдария», «Сыр өңірінің тарихы», «Алаштың Ақмешіті», Т. Мәмидің «Ертедегі Асанас қаласы», «Қызылордалық қаһармандар» атты және т. б. әдебиеттер қойылып, шолу жасалды.
Шараның мақсаты: Оқырмандарға Қызылорданың тарихы, мәдениеті, киелі жерлері туралы таныстыру, туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыру, кітап қорындағы кітаптарды насихаттау.







